КРЕДИТ АУ-ЖАЙЫН ХҚО-ДАН БІЛІҢІЗ

0 147

Кредит тарихы

Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кредиттік есепті алу бойынша қанатқақты жоба бастау алды. Қалаған жан ХҚО-ға келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтама ала алады. Бастапқы кезеңде жоба Астананың екі ХҚО-да іске асырылады (Мирзоян көшесіндегі № 2 бөлім және Рес-публика даңғылы 43, № 4 бөлім). Келешекте бұл қызметті Қазақстанның барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосу жоспарлануда.

«Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі» деп түсіндірді «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Мұхамедғали Әшірбаев.

Кредит тарихын алу үшін азамат кредиттік тарих субъектісінің ХҚКО арқылы ол туралы кредиттік есепті беру жөніндегі өтініш-келісімге қол қоюы, сондай-ақ, жеке куәліктің түпнұсқасы мен телнұсқасын, төлем туралы түбіртекті ұсынуы қажет. Ақылы қызмет бас-аяғы 15 минут ішінде жедел көрсетіледі.

Сонымен қатар, тап осындай кредит есебін жазбаша сұрау арқылы Алматы қаласындағы Бірінші кредит бюросынан, электрондық үкімет порталынан, сонымен бірге www.myth.kz сайтынан алуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 10 =