Көзін тегін тексертті

0 11

Focus офтальмологиялық орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Дүниежүзілік көру күні аясында халық арасында көру қабілетін тексеру бойынша арнайы шара ұйымдастырылды. Елордалықтар көзін тегін тексеріп, мамандардан қажет кеңес алды.

Іс-шара Focus оптика студиясында өтті. «Астана» көру орталығының жоғары санатты офтальмолог-дәрігері Б.Оспанова қабылдау жүргізді. Әр науқасты тексеруге уақыт бөлініп, жалпы алғанда жиырмадан астам адам кеңес ала алды. Акция барысында барлық санитарлық нормалар сақталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 5 =