«Көшпенділер жері» «Оскар» алды

0 17

Лос-Анджелесте АҚШ-тың кино өнері академиясы үздіктерге «Оскар» жүлдесін табыстады. «Үздік фильм» номинациясын Nomadland («Көшпенділер жері») жеңіп алды.

Фильмнің режиссері – Хлоя Чжао. Nomadland «Оскардың» алты номинациясына ие болды. Атап айтқанда, «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік әйелдер рөлі», «Үздік оператор», «Үздік монтаж», «Үздік сценарий» номинациясын иеленді. Хлоя – Америка киноакадемиясының сыйлығына ұсынылған Азиядан шыққан алғашқы режиссер және «Оскар» тарихында үздік режиссура бойынша сыйлықты жеңіп алған екінші әйел.
Сонымен қатар екінші пландағы үздік ер адам рөлін Дэниэл Калуя («Иуда және қара мессия»), ал екінші пландағы үздік әйел адам рөлін Юн Ё-Джон («Минари») алды.
Шет тіліндегі үздік фильм номинациясын Томас Винтербергтің «Тағы бір реттен» туындысы, үздік оригиналды сценарий Эмеральд Феннелдің «Үміт сыйлайтын қызы», үздік қысқа метражды фильм – «Екі бейтаныс жан», үздік қысқа метражды анимация­лық фильм – «Қандай да бір жағдай болса, мен сізді жақсы көрем», үздік адаптацияланған сценарий – «Әке», француз жазушысы және драматургі Флориана Зеллера, үздік анимациялық фильм – «Жан», үздік қысқа метражды деректі фильм – «Колет» және Менің ұстазым – осьминог» үздік деректі фильм деп танылды.
Биыл коронавирус індетіне байланысты «Оскар» сыйлығын марапаттау рәсіміне шағын топ қана қатысты. Негізгі рәсім Лос-Анджелестегі «Юнион стейшн» теміржол вокзалы ғимаратында өтті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + nineteen =