Көшпелі қабылдаудың кеңесі көшелі

0 100

Изображение 153

Бейсенбі күні №44 орта мектепте «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

«Интернациональный» тұрғын алабының аумағында орналасқан мектепке көкейде жүрген әртүрлі сұрақтарын қою үшін  №11 сайлау ок­ругінің сайлаушылары көптеп жи­­налды. Қабылдауға келген 50 шақ­ты тұрғынның басым бөлігі – егде тартқан адамдар.

Көшпелі қоғамдық қабылдауда «Нұр Отан» партиясы Астана қала­лық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов, қалалық мәслихат депутаты Түкен Егінбаев, Алматы ауданы әкімінің орынбасары Боранбай Болатбеков, прокуратура басшылары, Алматы ауданы ІІБ және басқа да басқармалар басшылары жиналған жұрттың өзекті сауалдарына жауап берді.

«Армандастар» тұрғын үй кеше­нінің тұрғыны 87 жастағы Әренов Құтжан қария: «Үйде кемпірім екеу­міз ғана тұрамыз. Басшылардың ха­лықты осылай қабылдап жатқаны дұрыс болды. Мен өзім коммуналдық шаруашылықтан келген өкілге сауалымды тікелей қойдым. Судың, жарықтың ақшасын айына бір рет келіп өздері жинап алып кетіп тұрса, жақсы болар еді. Әйтпесе, біздей қартайғандарға жүріп-тұру қиынға соғады» дейді.

Ал, «Интернациональный» тұр­ғын алабының тұрғыны Махфуза Нұрма­ғам­бетова: «Мен жеке мәсе­лемді айтуға келген жоқпын. Әкім­нің орынбасарына осы ауылдағы Қайыңдар алаңы демалыс орнына айналса екен деген ойымды жеткіздім. Ол кісі бұл ойымды құптады, кейін талқылау үшін қағазына түртіп қойды» дейді.

Сондай-ақ, тұрғындардың көбі ауылдағы жөндеуді қажет ететін жолдар жайында мәселе көтерді.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев алдына сауалдарымен әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасы­лардың жиі келгенін айтты.

Мұндай көшпелі қоғамдық қабыл­дау халықтың шешімін таппаған мәселелерінің түйінін тарқатуға мол септігін тигізеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 15 =