КӨШЕТ ЕККЕН КӨРКЕЙТЕР АЙНАЛАНЫ

0 232

_MG_9677

Кеше «Туған қалаңа ағаш сыйла» экологиялық шарасында шаһар тұрғындары 100 көшет отырғызды.

Акцияны «ЕХРО-2017» ұлт­тық компаниясы мен «Жасыл ел» республикалық жастар еңбек жа­сағы бірлесіп ұйымдастырды. Ша­раға қатысушылар Ш.Қалдаяқов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысындағы саябаққа көшет екті.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінен 5 қария жастарға қолдау көрсетуге келіп, өздері бас болып қолдарына күрек алды. Солардың бірі Кеңес Махамбетұлы: «Біз еккен бұл ағаштар немерелерімізбен, шө­берелерімізбен бірге өседі. Келешекте осы мәуелі бақты саяласа, аталардың да аялы алақанын се­зінеді деп ойлаймын. Қартайған шағымызда желегі майысқан, жасыл қалада өмір сүріп жатқа­нымызға өзімізді бақытты сезі­неміз» дейді.

Орынбек Өтемұрат

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + fourteen =