«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көшеңіздің тарихын білесіз бе?

0 287

Қаланың Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына арналған «Астана көше атаулары тарихтан сыр шертеді» атты танымдық кеш өтті.

Астанада көне қалалардың, кезінде Қазақстанның астаналары болған шаһарлардың, тарихи тұлғалардың, белгілі бір тарихи оқиғалардың атымен аталатын көшелер көп. Аталмыш басқарманың бөлім басшысы Гүлжан Бақтыбаева көшелер туралы осындай шара жыл сайын өтетінін мәлім етті.
«Шара барысында Астанада қандай көшелер бар, олардың атауы немен байланысты, осының сырын тарқатамыз. Ол үшін көшелер туралы бейнероликтер дайындалған. Қала тарихына, көше атауларына қатысты ойын ойнатамыз. Арнайы жүлде ретінде киноға билеттер беріледі» деді ол.
Кеш бойы «DrumLine» барабаншылар тобы, әнші Нина Моисеева, «DiViento» аспаптық квинтеті, «Ethnos» дуэті, тағы басқа өнерпаздар жиналғандардың көңілін көтерді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды