Көшелерімізде жерасты жолдары көбейеді

0 95

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы елордада жаяу жүргіншілерге арналған 26 жерасты жолының жоспарын әзірледі. Соған сәйкес, қазіргі кезде Қонаев және Достық көшелерінің бойынан осындай нысандарды салу жобасы әзірленіп жатыр.

Бүгінгі таңда Астанада 5 жерасты жолы бар: олар Бөгенбай батыр даңғылында («Шапағат» коммуналдық базары), Кенесары көшесінде (Конгресс-Холл), Республика даңғылында («Самал» ш.а.), Бараев көшесінде («Рамстор» СҮ), Орынбор көшесінде (Салтанат сарайы), сондай-ақ 3 жерүсті жолы: Бараев, Орынбор көшелерінде орналасқан.

2012 жылы Қонаев көшесінің бойындағы жаңа Опера және балет театры ғимаратының жанынан жерасты жолы салынған болатын. 2013 жылдың жоспарында Тұран даңғылы бойындағы «Хан Шатыр» СОО маңынан жерасты жолы құрылысы жоспарланған.

Бұйырса, болашақта жерасты жолдары көбейеді деп күтілуде. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізген талдау көрсеткеніндей, қалада жалпы саны 99 жерасты және жерүсті жолын салу қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 17 =