Көшелер жабылды

0 48

Елордадағы Тәшенев көшесінен Бараев көшесіне дейінгі учаскеде нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Республика даңғылының оң жақ бұрылысындағы ҚР Қарулы күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығы аумағында, яғни Тәшенев пен Бараев көшелерінің түйіскен тұсы 2021 жылдың 8 маусымы мен 4 шілдесі аралығында жабылады.
Бұл аумақтағы көлік қозғалысы тиісті жол белгілерін орнату арқылы уақытша схема бойынша жабық учаскені айналып өту үшін ұйымдас­тырылады.
Қалалық Полиция департаменті де қала жолдарында көлік жүргізушілеріне кептелісте тұрып қалмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлау керектігін еске салады.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелерінде көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 6 =