©2020 Астана Ақшамы
Көшелер қардан көз ашты
«Статистика мәліметтері бойынша, қыс басталғалы (өткен жылдың қараша айынан бері) елорданың Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарынан қар полигонына үш миллион текше метрге жуық қар тасылып шығарылыпты. Оның жарты миллион текше метрі көктемгі су тасқынының алдын алу іс-шаралары жоспары аясында жеткізілген.
Алматы ауданындағы 272 көшенің 187-сі қар мен мұздан тазаланған. «Железнодорожный», «Промышленный», «Достық», «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар», сондай-ақ, «Оңтүстік шығыс» тұрғын үй алаптарында барлық көшелердегі қар толық шығарылды. Биылғы жылы қар өткен жылға қарағанда 3,2 көп түскендігін атап айтқан жөн.
Сарыарқа ауданында да 32 орта мектеп пен 32 балабақшаның 28-інің аумағы қардан тазартылған. Сонымен қатар, Кенесары к-сі, 188-ші көше, Сейфуллин, Бейбітшілік, Біржан сал, Қарасай батыр көшелері мен Жеңіс, Сарыарқа, Бөгенбай батыр даңғылдары, сондай-ақ «Көктал», «Өндіріс» тұрғын үй алаптары көшелеріндегі қар қолмен күреліп, механикалық күшпен тасып шығарылды. 27 276 метр арық арнасының 11 мың метрге жуығы аршылды.
Есіл ауданы бойынша да «Шұбар» тұрғын үй алабындағы барлық (ақпан айының басынан – 53 717 текше метр қар) көшелер қардан тазартылды. Заречный, Тельман, Пригородный кенттерінің көптеген көшелері мен «Қараөткел», «Комсомольский», «Шығыс Ильинка», «Үркер» «Газмашаппаратура» және басқа тұрғын үй алаптары мен жеке секторлар ақ қар мен көк мұздан арылды.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ