«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көшелер гүлге оранды

0 8

Бүгінгі таңда елорданы көріктендіру жұмыстары қызу жалғасуда. Жылдағы дәстүр бойынша мамыр айында басталған игі шараға шаһардағы төрт аудан да атсалысып келеді.

гүл

Жаз қарсаңында гүл егу, қоғамдық саябақтарды, скверлерді және аудан көшелерін гүл-ландшафтық безендіру арқылы қаланы көгалдандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Осыған орай, бас қаланың кейбір көшелері гүлмен безендіріліп жатыр.

Алматы ауданы әкімдігінің өндірістік-техникалық бөлім басшысы Аслан Бисегуловтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылы аталмыш ауданда 500 мыңға жуық гүл егіледі. Атап айтсақ, Б.Момышұлы ескерткішінің жанындағы саябақтарда, «Отан қорғаушылар», «Жерұйық», Оқушылар сарайының алдында, әл-Фараби көшесінде, Абылай хан және Р.Қошқарбаев даңғылдарында, Қ.Мұңайт­пасов көшесінде, «Қазақ елі» алаңында және т. б. көрнекі жерлерде гүлзарлар орналасады. Жалпы гүлбақтар ауданы 10 мың шаршы метрден асатын аумақты қамтиды.

Расында да, бүгінде көздің жауын алатын қырмызы қызғалдақтар, шырайгүлдер және басқа да өсімдік түрлері қаламыздың барлық аудандарының халық көп жиналатын жерлеріне көрік беріп тұр. Жалпы елімізде біржылдық гүлдердің 50-ден астам түрі кездессе, бас қала көшелерінде жыл сайын олардың 20-дан астам түрі егіледі екен. Жасыл желекті мүсіндер де жылдағыдай көз қуантып, текеметтей түрленген гүлалқаптар елорданың ажарын ашып, көркіне сән қосуда.

– Біздің басты мақсатымыз – бас қаланың экологиялық жағдайын барынша жақсарту. Бұл ретте жылдағы дәстүр бойынша биыл да Алматы ауданының көшелері гүлмен безендіріліп, қаланы көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Биыл, атап айтсақ, ауданымызды көгалдандыру аясында Р.Қошқарбаев даңғылында (Тәуелсіздік даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейін), Б.Момышұлы даңғылында (Тә­уелсіздік даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейін), Ж.Нәжімеденов көшесі, А.Байтұрсынов көшесі, Р.Қошқарбаев даңғылы, Қордай көшесі, Т.Жүргенов көшесі, К.Әзірбаев көшесі, сондай-ақ «Встреча» сауда үйінің аумағында ағаштар отырғызылады. Осылайша, ағымдағы жылы аудан аумағында 500 мыңға жуық гүл егіледі, – деді А.Бисегулов.

Сонымен бірге аудан аулаларын тұрғындарға жайлы ету мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Қала басшысы ескерткендей, елорда тұрғындары терезеден аулаларының солғын көрінісін емес, керісінше, өзіндік кескін-келбеті қалыптасқан аулаларды көруі үшін оларды көпфункционалды, яғни кішкентай балалар үшін де, аға буын өкілдері үшін де қызықты ету керек.

Қаланы абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мамандардың айтуынша, астананың аумағын безендіруге көбінесе шырайгүл, барқыт гүлдері көп қолданылады. Бояуы қанық бұл өскіндер ою-өрнекті анық етіп бедерлеуге қолайлы көрінеді.

Көздің жауын алатын көрікті гүлдермен қоса, биыл Алматы ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр. Алдағы уақытта қаладағы саябақ, көше мен жол жиегі аққайың, қарағай, терек, емен, жұпаргүл секілді жасыл желекпен көмкеріледі. Олар ерте көктемнен бастап, күрең күзге дейін жайқалып

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды