©2020 Астана Ақшамы
КӨШЕДЕГІ ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛЕДІ
Елордада ақпанның 15-і мен 17-сі аралығында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтеді. Аталған үшкүндік жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін күшейту мен жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған.
Акция барысында Жергілікті полиция қызметі жолдағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатымен рейд жүргізеді. Атап айтқанда, көлікті мас күйде басқарған, қарсы бағыттағы жолға шыққан, жүргіншілер өтетін жерде ереже сақтамаған, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған және рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлескен азаматтарды қатаң бақылайды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің де жолдағы тәртібін тексереді. Мұнымен қоса, шаһардағы көлік кәсіпорындарымен бірлесіп автобус пен такси жүргізушілерін қадағалайды. Заңсыздыққа барынша көбірек тосқауыл қою үшін жол бойындағы патрульдік нарядтар саны ұлғайтылады.
Астанада жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30 мыңнан аса жағдайы тіркелген. Соның 26 мыңға жуығында жүргізушілер кінәлі. Ал жолды жөнсіз жерден кескен 3 мыңдай жаяу адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
astana-akshamy.kz