Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көшедегі балмұздақтан бас тартыңыз!

0 512

Қай жерде болмасын, әрдайым балмұздаққа деген сұраныс жоғары. Салқындатылған сусындар мен балмұздақ, әсіресе, жылы мезгілдегі ең өтімді өнімдер. Бірақ дәмі тіл үйіретін бұл өнімдер, бастысы, денсаулыққа зиян келтірмеуі керек екенін әсте қаперіңізден шығармағайсыз.

Балмұздақ – бактерия тез дамитын өнім. Әсіресе, жұмсақ болса, оны дереу тұтыну қажет. Әлбетте, егер балмұздақты дәмханадан алсаңыз, оның аса қаупі жоқ. Өйткені онда өнімді дайындаудың ережелері қатаң сақталады. Ал көшедегі сауда орындары эпидемиологиялық маңыздылығы жоқ топқа жататындықтан, олар ерекше тәртіп түрінде тексеруге жатпайды. Тек жоспардан тыс тексеріледі. Сол сияқты сатылатын өнімнің сапасына толығымен тек кәсіпкер ғана жауапты болады. Бірақ өнім қандай жағдайда, қай жерде дайындалады? Тазалық талаптары сақтала ма? Ол жағы белгісіз. Белгілісі сол, сатушыға қоспа дайын күйінде әкелінеді. Ал ол өнімді құрылғыға көшеде тұрып құятыны айтпаса да түсінікті. Тіпті сол өнімді олар бірнеше күн бойы ауыстырмай сатуы мүмкін. Онымен қоса, балмұздақты қол­дарын жумаған күйі сатуы да ғажап емес. Себебі көшедегі сауда орнында су мен жуғыш заттардың болуы қарастырылмайды.
Негізінде, құрылғыдағы қос­палар күні бойы тұрмауы керек. Ал оның сақтау мерзімі екі сағаттан аспауға тиіс. Балмұздақ сату жабдығы әрбір толтыру алдында өңделіп отыруы қажет.
Алма сатып алсаңыз, оны жууға болады. Ал балмұздақ жуылмайды. Қолыңызда еріп кетпес үшін оны дереу тұтынасыз. Алайда жазғы уақытта жаппай тағамнан уланудың және жұқпалы ішек ауруларының тарауына осындай тазалық сақталмау жағдайлары да себеп болып жатады. Сондықтан көшедегі балмұздақтан саналы түрде бас тартқаныңыз абзал. Әсіресе, мұндай өнімді бала­лардың жемегені жөн.
Астан уланудың алдын алу мақсатында көшедегі сауда-саттықты жою үшін аудан әкім­діктері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары әр кез рейд жүргізіп тұрады. Сондықтан көшеде сатылатын тәттілерге аса сақтықпен қарауға шақырамыз.

Айнұр ДӘУЛЕТБАЕВА,
Астана қаласы
Қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің
бөлім басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды