Көше жөндеу қарқынды

0 13

Елордада жол жөндеуге байланысты бірқатар көшелер жабылады. Осы жағдайға байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн, деп ескертеді Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.Жол жөндеу үшін бірқатар учаскелерде жұмыстар жүргізу және оларды ішінара жабу жоспарланған, атап айтқанда, 14 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойынша Шарль де Голль көшесінен Ж. Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар 25 шілдеге дейін Бейбітшілік көшесі бойынша Есенберлин көшесінен Бөгенбай даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жүргізіледі.
Жалпы қаланың 9 тұрғын алабында жұмыстар жүргізуге қаржы бөлінген.
Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жағы) бойынша
1) Арганаты көшесі, Келес көшесінен Қалба көшесіне дейін
2) Келес көшесі, Ақыртас көшесінен Қалба көшесіне дейін
2) Сайрам көшесі, Балқантау көшесінен Таскескен көшесіне дейін
Промышленный тұрғын алабы бойынша
1) Қапал көшесі, Төлебаев көшесінің соңына дейін
Агроқалашық тұрғын алабы бойынша
1) Тайсойған көшесі, Жалын көшесінен Суворов көшесіне дейін
2) Атакент көшесі, Шубин көшесінен Тамшалы көшесіне дейін
3) Проезд №52 көшесі, Оқжетпес көшесінің соңына дейін
4) Бесағаш көшесі, Проезд №52 көшесінен Оқжетпес көшесіне дейін
5) Қашаған көшесі, Жәлил көшесінен Шыршық көшесіне дейін
Өндіріс тұрғын алабы бойынша
1) Ақшағыл көшесі, Кеншілер көшесінің соңына дейін
2) Мусорский көшесі, Киелісай көшесінің соңына дейін
3) Киелісай көшесі, Саржайлау көшесінен Мусорский және Бестау көшесіне дейін
4) Бестау көшесі, Киелісай көшесінен С. Әлиұлы көшесіне дейін
5) Кеншілер көшесі, Кеншілер көшесінен Ақшағыл көшесіне дейін
Көктал-1 тұрғын алабы бойынша
1) Басықара батыр көшесі, Таңжарық көшесінің соңына дейін
2) Сонар көшесі А. Үлімжіұлы көшесінен Кербезқыз көшесіне дейін
3) Сырғалы көшесі, А. Үлімжіұлы көшесінен Кербезқыз көшесіне дейін
4) Кербезқыз көшесінің соңына дейін
5) А. Үлімжіұлы көшесі, Кенжин көшесінің соңына дейін
Кирпичный тұрғын алабы бойынша
1) Арқалық көшесі, Ойыл көшесінен солтүстік айналма жолға дейін
2) Көксеңгір көшесінен Көкбастау көшесіне дейін
3) Жасылот көшесі, Көксеңгір көшесіне дейін
Ақбұлақ тұрғын алабы (Энергетиктер) бойынша
1) Әлқиса көшесі, А. Тоқпанов көшесінен Амман көшесіне дейін
Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жаяу жүргіншілері мен авто жүргізушілерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 2 =