Көшбасшылыққа баулитын мектеп

0 46

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Соның аясында 2021 жылы елордалық оқушылар үшін жеке өсу мектебін ашу жоспарлануда.

Жеке өсу мектебі – 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырып, «Рухани жаңғыру» қағидаттары негізінде білім беруге арналған жоба. Мұнда оқыту жүйесі қазақ және орыс тілдерінде ойын тәжірибесін қолдану арқылы жүргізіледі. Ең бірінші, қалалық әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының базасында қанатқақты жоба ретінде сыналмақ. Кейін сәтті жүзеге асса, еліміздің басқа өңірлерінде де ашылады.
«Мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуы адами капиталдың сапасына тікелей байланыс­ты. Біз бүгінгі балалардың көшбасшылық әлеуетінің зор екендігіне сенімдіміз» деді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Данияр Есин.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 2 =