Көшбасшылар кездесті

0 94

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында кезекті турдың ойындары өтті.Ең қызықты әрі тартысты ойын Ақтөбе қаласында өтті деуге негіз бар. Мұнда турнир кестесінің басындағы командалар «Ақтөбе» мен «Астана» кездесті. Осыған дейін екі команданың ұпайлары бірдей болатын. Сондықтан, осы ойында жеңіске жеткен команда көшбасшы болатыны анық еді. Еліміздің төрт дүркін чемпионы «Ақтөбе» үшін биылғы чемпионаттағы басты қарсылас «Астана» болып отыр. Олай дейтініміз, чемпионаттың екінші кезеңінде, яғни алғашқы «алтылықта» осы екі команда ғана алтын медаль үшін таласатынын аңғартып отыр.
Ал енді ойын барысын айтар болсақ, өте тартысты өткен матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмағанымен, екінші таймда Кападзе мен Хайруллин мергендігімен танылды. Сөйтіп, «Ақтөбе» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Чемпионаттың аяқталуына дейін әлі бес тур бар, демек ең қызықты да маңызды ойындар әлі алда деуге болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − three =