«Көшбасшы» сертификатын қанжығалады

0 89

Жақында 2011-2012 жыл қорытындысы бойынша жалпы мемлекеттік мекемелер рейтингісі анықталып, Ұлттық статистикалық саралау мәліметтері негізінде «Қазақстан-2013 көшбасшысына» лайық мекемелерді марапаттау рәсімі өтті. Олардың қатарында Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Руханият» орталығы да бар. 

Мемлекеттік тілді оқыту ор­талығы «Қазақстан-2013 көш­басшысы» сертификаты, медалімен қатар, «Активтер мен міндеттер көрсеткіші» рейтингісі бойынша алдыңғы орындарды иеленді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында халыққа жаппай қазақ тілін үйрету, біртұтас ел
болу маңыздылығына айрықша мән береді. Мемлекет басшы­сының сали­қалы саясатын қолдап, дамытуға «Руханият» орталығы тамшы­дай болса да үлес қосып келеді. Жыл бойы өткізілетін қоғамдық іс-шаралар, оқырман қауымның қолына тиетін қазақ­ша кітап­тар, мемлекеттік тілде еркін сөй­леп, жазуға үйреніп жатқан аза­маттардың көптігі осыған айғақ.
Тек қана ұжымның емес, жекелеген мамандардың да еңбегі еленіп жатыр. Мәселен, «Руханият» орталы­ғының бас
есепшісі Рыскүл Кен­женоваға «2013 жыл маманы» ұлт­тық сертификаты мен «Ең­бектегі ұтымдылығы үшін» медалі берілсе, мекеменің директоры
Жұмагүл Арапбайқызы «Қа­зақстан Даңқы» орденімен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × one =