«КӨШБАСШЫ МЕКТЕП» ӘЛЕМДІК БИІКТЕН КӨРІНДІ

0 299

IMG_7576Он бес жылдық тарихы бар қаламыздағы №38 мектеп-лицей испаниялық «Business Initiative Directions» (BID) халықаралық ұйымының арнайы интернет зерттеуінің нәтижесінде дүние жүзіндегі ең үздік мектеп ретінде танылды.

24 қараша күні Лондон қаласында марапаттауларын өткізген аталмыш компанияның ұйғарымы бойынша Кембридж университетінің талабына сай ұстаздары бар,  мыңға жуық қарымды да қабілетті түлектерді ұядан ұшырған, оның ішінде әлемнің он бір мемлекетінде алпысқа жуық түлегі оқитын, 35 «Алтын белгі» және 46 «Ерекше үлгідегі аттестат» иегерлері мен халықаралық сайыстар жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарған, 2001 жылдан бүгінге дейін  «Үздік мектеп», «Көш­басшы мектеп» сынды аталымдарды ақтап келген білім ордасы байқаудың барлық критерийлеріне сәйкес келгендіктен олжалы оралып отыр.

Өмірінің отыз сегіз жыл ғұмырын білім саласына арнаған мектеп директоры Жамал Базарқұлқызының айтуынша, жиырма жылдан бері әр сала бойынша сапалы қызметті бақылап, болжайтын BID тәуелсіз ұйымы биыл да 184 елден келген мамандардың 49-ына арнайы гауһардан, алтыннан құйылған тәждерді табыс еткен. Соның бірі – астаналық мектеп иеленген «Quality Crown Award» атты білім сапасының алтын тәжі.

Нұргүл Аханқызы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − 9 =