Көшбасшы әйелдер көбейіп келеді

0 361

Елімізде 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік органдар басшыларының арасындағы әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу міндеті қойылған болатын. «Астана қаласы әйелдер көшбасшылығы мектебін ұйымдастыру» жобасы аясында Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан әйелдері» ассоциациясы ұйымдастырған семинар барысында дәл осы мәселе әңгіме арқауына айналды. 

Мемлекетіміз гендерлік-отбасы сая­сатына, еліміздегі әйелдердің жағ­­дайын жақсар­туға әрдайым баса назар ау­да­рып келеді. Осы орайда, Қа­зақстан Республикасы Мем­­лекет­тік қызмет істері жө­ніндегі агент­­­тігі­­нің Астана қаласы бойынша ау­­­­­мақ­­­­тық басқармасы басшы­сының орын­­­­­­басары Жанатбек Ақ­төреев ел­ор­­­­­да­лық әйелдер­дің қо­ғамдағы рө­лі артуы үшін бар­лық жағдай жа­­­­сал­­­­­ғанын және бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­­зақ­стан – 2050» стратегиясы: қалып­­тас­­қан мем­лекеттің жаңа саяси ба­­ғы­ты» атты Жол­­­­дауын­да да айтылғанын тілге тиек етті. Әйелдерді мем­лекеттік жә­­­не қо­­ғам­­­дық бас­қару ісіне белсене тар­­­туды тап­­сырған Мемлекет бас­шы­сы, әсі­ресе, әйелдерге жер­гілікті дең­гей­­дегі ерлермен тең мүм­кін­­діктерді қам­та­масыз етуге ерек­ше көңіл бөліп келе­ді. Расында да, бү­гінгі әйел­дердің саяси және эконо­ми­­ка­лық мәр­тебе­сін арттыру – уа­қыт тала­бы. Бұл мақ­­сатқа же­ту жо­лында Астанада бір­­қатар жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі таңда қалалық мәслихат пен тексеру комиссиясын қосқанда Ас­танада 32 жергілікті атқарушы ор­ган жұмыс істейді. Онда қызмет ат­қаратындардың 55 пайызын әйелдер құрап отыр. Мұндағы әйелдердің 40 пайызға жуығы бас­қарушы қызметтер атқарса, қалған 60 пайызы, яғни, 264 қыз-келіншек атқарушы қыз­метте істейді.
Мемлекеттік қызметтегілер­дің орташа жасы – 33, барлығы да жоғары білім­ді. Олардың бі­реуі «Болашақ» бағ­­дар­лама­сы­ның түлегі, біреуі ғы­лым док­торы болса, үшеуі ғылым кан­­­ди­­даттары екен.
Әйелдердің қазақ қоғамын­дағы ор­нын атап өткен баянда­ма­шы ген­дер­лік теңдік бағдар­ла­ма­сына сәйкес, ел­ор­да­лық әйел басшылардың үлесі қа­зір­гі кезде 30 пайызға жетке­нін, оларды елдің қоғам­дық-саяси өмі­ріне белсене аралас­тыру мақ­сатында түрлі бағдарла­ма­лар­ға жол ашылғандығын айтты.
Қысқасы, қазіргі замандағы қазақ­стан­дық әйелдер қызмет істеуге ұмты­луы керек. Бұл ретте жоғары са­нат­ты психолог, Астана қаласы әкім­дігінің жанындағы әйелдер ісі және отба­сылық-демографиялық саясат жөнін­дегі комиссияның мүшесі Наталья Семененко қаладағы белсенді әйел­дер қауымына тренинг өткізді. Кіш­кентай кезінде қыздардың бел­сенді болатынын, мектепішілік шара­ларға да қыз балалардың көбі­рек қа­ты­са­тынын, бірақ уақыт өте келе, бұл көш­бас­шылық қасиет ер бала­лар­ға беріліп, жұмыста ерлер бас­­шы, ал қыз­дар қабілеті мен білімі анағұр­лым жоғары бола тұра, атқарушы болып қала береді деп пайымдаған ол арулардың көшбасшылық қасиетін сақтап қалуы үшін ықпал ететін әлеуметтік және отбасылық факторлар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, семинар барысында көшбасшылық мектеп жанынан әйелдерге психологиялық және құқықтық кеңес беру қызметтері көрсе­тілді.
Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =