Көш көңіл көншітпейді

0 26

Биыл 10 айда Түркістан облысынан солтүстікке 247 адам көшіпті. Өткен жылы 530 отбасы көшкенін ескерсек, көштің азайып кеткені көрініп тұр. Бұл түйткілді жуырда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жетекшілері кәсіподақтармен бірге талқылады.

«Түркістанда келелі кеңес өткізіп, жұмысшы құқығын қорғау, тұрғындарды жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау, тиімділігін арттыру мәселесін талқыладық. Солтүстікке көшу көрсеткіші де көңіл көншітпейді. Биылға 10 айда 247 отбасы ғана көшіпті. Өткен жылы 530 отбасыдан астам жанұя қоныс аударған еді. Биыл тағы да карантин «кінәлі» ме? Басты себеп жауапты мемлекеттік мекемелердің немқұрайдылығы мен мамандардың біліксіздігінде деп ойлаймын. Өткен жылы қоғамдық еріктілерді жұмылдырып, бағдарламаның жоспарлы түрде іске асырылуына атсалысқанбыз. Нәтижеде жылдағыға қарағанда 100 отбасы артығымен көшкен. Біле білсек, бұл – аймақтық емес, ұлттық мәселе. Мемлекеттік стратегия. Енді барлық күштерді қосып, іске асыруға кірісеміз» деп жазды партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібай.
Ол мемлекеттік бағдарламаларды БАҚ-та, әлеуметтік желілерде тұрақты түрде насихаттау, түсіндіруді барынша талап етіп, ресурстарға бағытталатынын айтты. «Екіншіден, қоғамдық жұмыспен қамтылған кейбір азаматтардың жұмысқа бармай-ақ жалақы алғаны туралы айтылып жүр. Бұл да мемлекеттік қаражаттың өз мақсатында пайдаланылмағанын көрсетеді. Сонымен бірге аудан, қалалардағы жұмыспен қамту орталықтарындағы базаларды жүйелеу қажет. Кейбір жағдайы жақсы отбасылар түрлі көмектерге ілігіп кетсе, кейбір шын мұқтаж азаматтардың көмектен шет қалу оқиғалары да кездесіп қалады. Сондықтан біз аталған мәселелер бойынша партия фракциясы мен партия филиалынан мониторингтік топтар құру жөнінде шешім қабылдадық» деп жалғады Б.Тәжібай. Әлеуметтік қолдауды күшейту, еңбек заңнамасын сақтау, жұмыссыздықпен күрес бағытындағы жұмыстар партияның бақылауында болмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 5 =