КӨШ БАСЫНДА – АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

0 96

KI5G5905

«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің сарапшылары есептік кезең бойынша 2014 жылдың І тоқсанындағы облыстар мен облыс орталықтарының әкімдіктері жұмысының тиімділік дәрежесін анықтады. Сараптамаға бизнес саласы, үкіметтік емес ұйымдар мен талдамалы қауымдастықтардың 40 сарапшысы қатысты, деп хабарлады «Қазақпарат» агенттігі.

Зерттеу барысында әкімдіктердің жұмыс сапасын бағалау үшін 11 негізгі санат басшылыққа алынған. Бағалау 11 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылды. Атап айтқанда, әкімдердің жұмыстарының басты көрсеткіштері ретінде саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мен аймақтардың экономикалық даму дәрежелері алынған. Осыған сәйкес ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында көш басынан көрінген әкімдіктер анықталды.

Сараптама нәтижесінде бірінші орынды 4,10 балл жинаған Иманғали Тасмағамбетов бастаған Астана қаласының әкімдігі, екінші орынды 4,02 балмен Бердібек Сапарбаев бастаған Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, үшінші орынды 4,01 балл жинаған Қырымбек Көшербаев бастаған Қызылорда облысының әкімдігі иеленді.
Астана қаласының әкімдігі бұл биікке «аймақтың эко­номикалық дамуының табыстылығы» және «аймақтық әлеуметтік бағдар­ламаларды жүзеге асыру» көрсет­кіштері бойынша қол жеткізді.

Сондай-ақ, зерттеу барысында жұмысы үздік әрі тиімді қалалық әкімдіктер де анықталды. Оның қорытындысы бойынша көш­бас­шылар тобын Алматы қала­сының әкімдігі бастаған. Одан соң Өскемен, Атырау, Қызылорда, Ақтау және Орал қалалары әкімдіктері орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 6 =