КОРРЕКЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ САЛЫНАДЫ

0 321

601480f44ed4e5f0dedbebf82a2

Астана қаласының Көктал тұрғын алабын­да мүмкіндігі шектеулі 375 балаға арнал­­ған коррекциялық мектеп-интернат салы­­нады. Бұл туралы astana.kz сайтына қа­ла­­лық Құрылыс басқармасынан хабарлады.

Мектеп-интернаттың құрылыс жұмыстары нау­рыз айында басталған. Қазіргі уақытта діңгектер қағылып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа ғимарат 2015 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілмек.

Жоспар бойынша ғимарат түрлі мақсаттағы 8 блок­тан тұрады. Көру және есту қабілеті нашар, тірек-қимыл аппараты бұзылған және кемшіліктері бар балаларға арналған әрқайсысы 125 орындық үш жеке блок болады. Екі ғимарат оқу-әкімшілік блок­қа арналады. 40-қа жуық оқу сыныбы, зертханалар, акт залы, қызығушылықтар бойынша үйір­мелерге арналған кабинеттер ашылады. Мектептің келесі блоктарында спорт залы мен бассейн, оқу-өндірістік шеберханалар, балалар шығармашылығына арналған бөлмелер болады. Тұрмыстық жайлар мен қонақ бөлмелерге жеке блок бөлінген. Алдағы уақытта салынатын мектепті асхана мен медициналық блок біріктірмек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − twelve =