Коронавирустан қорғану шарты

0 21

Астанада тәжтажалдың алдын алу шаралары үзіліссіз жүргізіліп жатыр. Қаланың барлық көшелері, тротуарлары, аялдамалар мен басқа да қоғамдық орындар күн сайын 6 сәуірге дейін сағат 20.00-ден 06.00-ге де­йін залалсыздандырылады. Сондықтан қала тұрғындары кешкі және түнгі уақытта көшеге шықпай, үйде болғаны абзал. Аталмыш шаралардың тиімділігі үшін төтенше жағдай режимі күшейтілген кезеңде сағат 20.00-ден кейін тұрғындардың үйден шықпағаны жөн. Бұл шараларға қалалық шаруашылықтардан басқа ҚР Қорғаныс күштерінің биологиялық қорғаныс саласының қызметкерлері де жұмылдырылған.Қолданылатын ерітінділер адамдар үшін де, жануарлар үшін де қауіпсіз. Күн сайын аумақтарды залалсыздандыруға 450 адам қатысады. Сонымен қатар әуежайларда, вокзалдарда, әлеуметтік нысандарда, базарларда, сау­да орталықтарында және халықтың жаппай шоғырланатын басқа да орындарында залалсыздандыру шарты қатаңдатылған. Санитарлық режим күшейтілген: жұмыс орындары мен ғимараттарды залалсыздандыру жүргізіліп жатыр, барлық медициналық қызметкерлер беттұмшамен, антисептиктермен және басқа да қорғаныс құралдарымен жабдықталған. ПИК (пәтер иелері кооперативі) және басқа да қызмет көрсетуші компаниялар өздеріне қарас­ты үйлердің кіреберіс есіктерін, лифтерді, үйдің терезелерін, жақтауларды және т. б. залалсыздандыруға міндетті. Қалалық тұрғындар үйден бейсауат шықпауы тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + twenty =