Коронавируспен күреске 191 млрд теңге бөлінді

0 12

Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлім етті.– Бүгінгі күнге коронавируспен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлініп отыр. Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат медицина және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге, 3 инфекциялық аурухана құрылысына және басқа шараларға жұмсалды. Сондай-ақ коронавирус індетімен күреске Үкімет резервінен 66 млрд 957 млн теңге, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне 46 млрд 587 млн теңге бөлінді. Оның 125 млрд теңгесі бюджетті нақтылау аясында, 66,9 млрд теңгесі Үкімет резервінен бөлінген. Аталған қаражат мақсатты бағыттарға жұмсалады және қатаң бақылауда болады. Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитеті арқылы да көрсетілетін медициналық қызметтерге бақылау жүргізіліп, қадағаланады, – деді Қаржы министрінің бірінші орынбасары.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 2 =