Коронавирус туралы не білеміз?

0 18

iKOMEK қалалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына коронавирустық инфекция (COVID-19) симптомдары мен ол анықталған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы 109 қысқа нөмірі арқылы 24/7 бойы консультация береді.Төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты iKOMEK қалалық орталығы күшейтілген жұмыс тәртібіне өтіп, iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы операторларының желісі 53 операторға дейін ұлғайтылды, кезек кеңейтіліп, қатарынан 120 кіріс қоңырауға дейін қабылдай алады. «Өткен тәулікте iKOMEK 109-ға 8000-нан астам өтініш келіп түсті, оның 4000 коронавирустық инфекцияға қатысты. Ағымдағы жылдың 13 наурызы мен 20 наурызы аралығында коронавирус бойынша 10000-ға жуық өтініш тіркелді. Тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді талдау негізінде біз жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар әзірледік» дейді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
Қосымша, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары барлық мәселелер бойынша iKOMEK 109-ға келесі сервистердің көмегімен жүгіне алады: әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz – iKOMEK 109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore); Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot); Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore); Аitu.city порталы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды