Көрнекті суреттер көрмесі

0 236

Тәуелсіздік сарайында белгілі  фотосуретшілер Шүкір Шахайдың «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»  және Владимир Куриловтың «Астана – Елбасының ерлігі» атты көрмелерін ұйымдастыруға арналған баспасөз конференциясы өтті. Қос көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орайластырылып отыр.

Баспасөз конференциясында сөз алған Ас­тана қаласы мәдениет басқармасы басты­ғының орынбасары Самат Тергембаев  фото­су­ретшілердің әр суретінде  Елбасының Астанаға деген махаб­ба­ты, жүрегінің жылуы және көзқарасы бейне­лен­ген­дігін атап өтті. Ал, белгілі сықақ­шы, «Шалқар» радиосының бас редак­торы Көпен Әмірбек өзінің шәкірті Шүкір Шахай шығар­машылығы жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Елбасының өмірінен сыр шерте­тін Владимир Куриловтың көрмесі кеше Тәуел­сіздік сарайын­да басталып, 5 желтоқсанға дейін жал­ғасады. Ал, Ш.Шахайдың көрмесі 27 қараша мен 6 жел­тоқсан аралығын қам­ти­ды. Бір айта кетерлігі, В.Куриловтың жұмыс­тары Аста­нада алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылып отыр. Қос көрмеге Астана қаласы­ның даму тарихынан сыр шертетін суреттер жиынтығы қойылады.

Хамит Ерболатұлы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =