КӨРМЕДЕН КЕЙІН ДЕ КӘДЕГЕ ЖАРАЙДЫ

0 101

Халықаралық көрме қарсаңында миллиардтаған инвестиция тартылып, қаншама нысандар бой көтерді. Енді көрмеден кейін аталмыш нысандарды келешекте пайдалану үшін өзгерту жоспарлануда.

75676

Мәселен, құрылыс барысында биіктігі сегіз метр болатын стандартты көрме павильондарында арнайы саңылаулар қалдырылған. Олар нысанды екі қабатқа бөлуге мүмкіндік береді. Жоспар бойынша көрме павильондары аумағында «А» класындағы кеңселер, оқу зертханалары мен дәріс залдары орналасады. Көрме аумағының бір бөлігін балаларға, жасөспірімдер мен жастарға арналған ойын-сауық алаңы етіп қалдыруды көздейтін ұсыныстар бар. Жоғары технологиялар мұражайын ашу міндеті де қойылған. Бұл қазақстандық павильон қабатының бір бөлігінде орналасып, тұрақты түрде жаңаратын экспозицияға айналады. Сонымен қатар, тұжырымдама бойынша студенттер мен жоғары сынып оқушыларына арналған ғылыми-танымдық оқыту орталығы бой көтереді. Бүгінде «ЭКСПО» үшін салынған базада кадрларды оқыту мен қайта даярлау үшін Google, НР, IBM сияқты ірі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 9 =