Көрме бұйымдары көз тартарлық

0 372

17 наурыз күні Оқушылар сарайында Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжінің ұйымдастыруымен «Туған жердің бақытты ұрпағымын…» атты Наурыз мерекесіне арналған іс-шара болып өтті.

Кешке Астана қаласының әкімдігі, Парламент депутаттары, Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті, Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Республикалық ұлттық ғылыми-әдістемелік орталық, Қазіргі заманғы өнер мұражайы, Тұңғыш Президент мұражайы, Тәуелсіздік сарайы, Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі өкілдері, колледждің әлеуметтік серіктестіктері және елорданың басқа да білім мекемелерінен қонақтар қатысты.

Көпшілікке дизайн мамандығы бойынша білім алып жатқан колледж студенттерінің көрмесі ұсынылып, «Ғасырлар мұрасы болған дәстүрлердегі менің дала қиял-ғажайыптарым…» атты театрландырылған музы­калық қойылым көрсетілді. Сондай-ақ, сах­наға шыққан болашақ «Тігін өндірісі және киім үлгі­леу» мамандығы иелерінің қолтума бұйымдары қонақ­тар­дың қызығушылығын оятты. «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының студенттері де өздері жасаған сәнді шаш үлгілерімен таныстырды. Кес­кін­деме, тері мен киізден жасалған ұлттық киімдер, кешкі көйлектер, тағы да басқа студент жастардың қол­өнер бұйымдары шығар­ма­шы­лығындағы шалқар шабытты көрсетіп тұрғандай.

Мерекелік іс-шара жастардың шығармашылық талантын ынталандырып, мамандықтардың мерейі мен имиджін едәуір жоғарылатқандай болды. Бұл көр­ме үш жылдан кейін Астанада болатын «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі кезінде Қазақстанның халық­тық-қолданбалы өнерін көрсету мақсатында алдын ала өткізіліп отыр.

Нұрислам Құспанғали

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 17 =