«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көркем қыздар күш сынасуда

0 6

Нұр-Сұлтан қаласында көркем гимнастикадан ­Қа­зақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

e396ed95ebf896f683648970d2ec35f7_1280x720

«Нұр-Сұлтан қаласындағы көркем гимнастика орталығында – Тәуелсіздік сарайында ел чемпионаты өтіп жатыр. 3-7 мамыр күндері спорт шеберлері, сондай-ақ 8-12 мамыр күндері спорт шеберлігіне үміткер және 1-разряд арасында Қазақстанның екі чемпионаты ұйымдастырылады. Онда 500-ден аса спортшы бақ сынайды. Сол сияқты еліміздің барлық өңірінен жасақталған құрама команда бөлек қатысады. Сол себепті жарыс өте тартысты өтеді деп сенемін» деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 БЖМОРСМ» КММ басшысы Әбілқайыр Сайранбек.

Еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған талантты қыздар өз өнерлерін ортаға салуда.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды