КӨРКЕМ ГИМНАСШЫЛАР ЖАРЫСЫ

0 100

Астанада 23-25 маусым аралығында «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында жеткіншектер арасында «Жұлдыз – 2016» атты көркем гимнастикадан V халықаралық кубогы  өтуде.

ERM_3562

Айтулы спорттық шара елордада 2012 жылдан бері өтіп келеді. Бүгінде оның қанаты қатайып, аты әлемге танылып қалды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен болып жатқан сайысқа Қазақстан, Ресей, Мысыр, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларус және Әзербайжанның  спортшылары қатысуда. Байрақты байқауға Израильдың  еңбек сіңірген спорт шебері, бірнеше мәрте әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Афина және Пекин олимпиадалық ойындарының финалисі Катерина Писецких арнайы қонақ ретінде шақырылған.

ERM_3405

Шараның салтанатты ашылуында әлемдік деңгейдегі көркем гимнастиканың жұлдыздары өнер көрсетіп, жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шоу көрсетілді. Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Вере Штельбаумс сөз алып, жеткіншектерге ізгі лебізін білдірді.  Кубогтың ұйымдастырушылары да қатысушыларға сәт-сапар тіледі. Дүбірлі доданың қорытындысы алдағы сенбі де шығады. Сол күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

                                                                                     Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 1 =