«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көретін дүние аз болған соң, амал жоқ

0 226

Гүлбарам ТҮГЕЛБАЕВА:

– Өте дұрыс пікір. Өзіміз осындай ақыл-ой деңгейін байқататын ойынды тәуір көріп қараймыз. Өз басым анау берілген сұрақтың жауабын білем бе деп өзімді тексеріп отырамын. Әжептәуір сома тігілгеннен кейін ойынға бірдеңе білетіндерді қатыстыру керек қой. Қарапайым сұрақ­тарға жауап бере алмай қинал­ғандарды көргенде арқам құ­рысып, жүйкем тозады. Рас, надандығымыз айқын көрінеді. «Қызық екен» бағдарламасына да қатысушылар өнер адамдары боп келеді де, дәл өнерге қатысты сұрақты білмейтіндері күйдіреді-ау. Тынымбай Нұр­мағамбетовтей үлкен жазушыны драма жазған жоқ, ол – ақын, алып тастайық» дегенде жазушы үшін ұялдым. Мемлекеттік сыйлыққа лайық жазушыны әнге жазылған өлеңдері көп Тұманбай Мол­дағалиев ағамызбен шатас­тырды-ау деймін. Тура таппаса да, логикасы дұрыс боп, маңайласа, оның өзі де білгендік болар еді… Көретін дүние аз болған соң, амал жоқ, көреміз, бірақ…

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды