Көреген шешім болды

Жәнібек КӘРІБЖАНОВ, мемлекет және қоғам қайраткері

1 115

– Былтыр 19 наурыз­да еліміз үшін тарихи оқиға болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз шешімімен билікті Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Бұл уақытында жүзеге асқан дұрыс шешім болды. Мұндай қадам ел басқарған әр азаматтың қолынан келе бермейді. Меніңше, бұл Елбасының көрегендігі деп білемін. Қазір осы маңызды шешімнің дұрыс болғандығын өмір дәлелдеп отыр. Елбасының егемен еліміздің іргетасын қалап, дамуына қосқан үлесі зор. Азаттық алғаннан кейінгі қиын-қыстау жылдары реформаларды дер кезінде жүзеге асырып, қиындықтан алып шықты. Қазақ елін өркениетті мемлекеттердің қатарына жеткізіп, дүние жүзіне танытты. Одан кейін Алатаудың етегіндегі әсем қаладан еліміздің бас ордасын Арқаға көшіріп, астананы әлемдегі көркем шаһарлардың біріне айналдырды. Сонымен бірге елімізде тұратын ұлттар арасындағы татулықты сақтап, тұрғындардың қолайлы өмір сүру деңгейін жоғарлатты. Осы жетістіктің бәрі Елбасының жемісті саясатымен байланысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын халқымыз жақсы біледі. Былтырғы Президенттік сайлауында оған зор сенім артып, дауысын берді. Жалпы, мен бұл кісімен қызметтес болғандықтан, жақын танимын. Білімді, білікті азамат. Ел арасында да сыйлы. Үкімет басшысы болды, біраз жылдар Сыртқы істер министрлігін басқарды, Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарды. Жан-жақты, сарабдал, мемлекетшіл тұлға. Халықаралық деңгейде де беделі жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымында еңбек етті.
Ел билігін алып,қалыптасқан саясатты әрі қарай жүзеге асыру оңай емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы қиын да күрделі, жауапкершілігі үлкен жұмысты бірден игеріп әкетті. Осы бір жыл ішінде біраз ауқымды, елге қажетті жобалар іске асты. Әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз әрі қарай жақсара түсті. Өткен жылы жазда елді елеңдеткен «Арыс» жағдайынан аман өттік. Бүгінгі барлық әлемді алаңдатқан коронавирустан да аман-есен өтеміз деп ойлаймын. Мемлекет басшысының осы мәселеге байланысты қазіргі қабылдап отырған шешімі өте дұрыс екені сөзсіз. Ел болып, оларды бұлжытпай орындауымыз қажет. Оның нәтижесі жақсы боларына кәміл сенемін!

  1. Темірхан Омарұлы :

    Жәке!
    Екі сөзбен он екі терең ойлардың түйіні келтірілген мына мақалаңды сенің де көрегенділігің деп білемін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =