Көпсалалы аурухана бой көтереді

0 19

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының «Жол картасы» шеңберінде іске асырылатын жобалардың орындалуын бақылау мақсатында қалалық мәслихат депутаттары, Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры Данай Смағұлов, Ұлт денсаулығы жөніндегі кеңес мүшелері «Астана медицина университеті» КЕАҚ жанындағы университеттің көпсалалы ауруханасының құрылыс алаңын аралады.

Медициналық орталық JCI халықаралық стандарттарына сай болып, 800 төсек орынға лайықталған. Нысан тәуліктік стационарды, күндізгі стационарды, консультациялық-диагностикалық кешенді, ғылыми-зерттеу және клиникалық зертханаларды, аудиториялар мен оқу сыныптарын қамтитын болады.
Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатыр. Бұл жобаны елімізде 20 ірі көпбейінді аурухана салу арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Соның ішінде 4 клиника еліміздің жетекші медициналық университеттерінің жанынан салынатын болады. Бұл ғылымды, білім беруді және емдеу процесін кешенді түрде дамытуға, клиникалық зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, халыққа медициналық қыз–меттерді сапалы жаңа деңгейде көрсетуге жол ашады.
– Халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи медициналық инфрақұрылымның болуы еліміздің бүкіл денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін түбегейлі мәнге ие, – деді қалалық мәслихат депутаты Алтыншаш Табулдина.
Оның әріптесі Ерлан Дәкеновтің сөзінше, пандемия халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи медициналық емдеу орындарының маңыздылығын айқын көрсетті. Ауруханалардың жабдықталуы, сыйымдылығы, құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі әлі де еліміздегі өзекті мәселелердің бірі болып тұр.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, нысанды аралау барысында құрылыс кезіндегі қазақстандық материалдарды қамту, тұрғындарды тіркеу және басқа да мәселелер талқыланды.
– Мұнда студенттерді оқыту ғана емес, халыққа көмек көрсету де қарастырылған. Жобаны іске асыру Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының сай­- ­­­ла­у­­­­­­алды бағдарламасының «Жол картасына» кіреді. Аурухананы пайдалануға беру мерзімі – 2023 жыл, – деді мәслихат хатшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − fourteen =