Көпқабатты үйлер қалай жөнделіп жатыр?

0 23

Биыл елордада «Нұрлы жер-2025» бағдарламасы арқылы 19 көпқабатты үйді жөндеу жоспарланған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Алматы және Байқоңыр аудандарында бұл бағдарламаны іске асыру барысымен танысты.

Сәтпаев көшесі, 8, Қажымұқан, 14/1, Абай, 80/1 және Абай, 80/2 мекенжайы бо­йынша тұрғын үйлерге мониторинг жүргізілді. Қазір көппәтерлі үйлердің кіреберісі, шатыры мен жертөлесі жөнделіп жатыр. Осы айдың соңында жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Мониторинг кезінде тұрғындардың тілектері тыңдалды. Мердігерлерге анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқау берілді.
«Қаланың әр ауданында жөнделіп жатқан көппәтерлі үйлердің мониторингі жүргізіледі. Біз бұл істі бақылауда ұстап отырмыз» дейді қала әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =