КӨППЕН ЖҮГІРГЕН КӨҢІЛДІ

0 138

Ұлттық спорт түрлері

Астанада қала тұрғындарын бұқаралық спорт шараларына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, туризмді дамыту жолға қойылып келеді. Әсіресе, елордалықтардың тиімді демалысын ұйымдастыруға барынша көңіл бөліне бастады. Осы туралы «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру – дене шынықтыру клубы» МКҚК директоры Сайранбек Әбілқайыров айтып берді.

– Бұқаралық спорттың өрісін ұзарту үшін клуб тарапынан ат-қарылып жатқан шаруаларды айтып берсеңіз...

– Елорда басшылығы дене шынықтыруды айнымас әдетке айналдыру қажет әрі пайдалы екенін түсіндіру үшін барынша жағдай жасап келеді. Ең бастысы салалық бірнеше спорт кешендері пайдалануға берілді. Күнде кеш­кілік серуендеп жүргендер қала көшелері мен Астаналық саябағы, Есілдің жағалауына орнатылған тренажерлардың игілігін көріп жүр. Сондай-ақ, тегін жаттығу залдары жұмыс істейді. Жаз бойы әр жексенбі сайын Астаналық саябақта таңғы бұқаралық жүгіруге, сондай-ақ, бүкіл отбасыға арналған көңіл көтеру және сауықтыру жат­тығуларына қатыса алады. Жап­пай жүгіру соңғы кездері жиі өткізіледі. Қазіргі кезде белгілі бір команда қалыптасып, әр жолы жаңа қатысушылар қосылып жатады.

– Спорттық шараларға қа­тысқысы келетіндер қай жерге бару керек?

– Әр жексенбіде М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жанына сағат 9.00-де жиналу керек. Ал жұма сайын сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін «Өмір нәрінен ләззат ал!» атты акция аясында көңіл көтеру, сауықтыру жаттығулары өтеді. Бұған Астананың барлық тұрғындары мен қонақтары, балалар мен ересектер, тіпті, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер де қатыса алады. Түрлі ойындар мен тренингтер өт­кізіледі. Сондықтан барлық қала тұрғындарын қолжетімді әрі қауіп­сіз мерекеге шақырамыз.

– Сонда келушілерге жат­ты­ғуды кім жүргізеді?

– Қаламыздағы «World Class» фитнес клубтар желісі іс-шараны жүргізетін фитнес жаттықтырушыларымен қам­тамасыз етіп отыр.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =