КӨПІРЛЕР КӨБЕЙІП, ЖОЛДАР КЕҢЕЙЕДІ

0 114

Келесі жылы елордада қос көпір пайдалануға берілмек. Қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшиннің сөзінше, бұл көпірлер №27 көшедегі жолдың құрамына кіріп, Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы өтеді. Мердігер анықталып, жұмыстардың 50 пайызы атқарылды. Жолдардың кеңейтілуіне келсек, Асан қайғы көшесіндегі жолды кеңейту жоспарға кірді. Бірақ сол маңайдағы жеке үйлерді, өзге де ғимараттарды сүру керек. «Бұл оңай жұмыс емес. Оған 2-3 жыл керек, дейді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, жылу жә­не электр­энергиясы тариф­тері 2020 жылға ­дейін өспеуі тиіс. Қазіргі тарифтерді моно­полияға қарсы комитет осыдан екі жыл бұрын бес жыл мерзіміне бекітіп берген.
Баспасөз мәслихаты «ЭКСПО-
2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай пайдалануға берілген құрылыс, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының таныс­тырылуына арналғанын айта кету керек. Әлемдік көрмеде ұсынылған «жасыл» технологияларды Астанада қолдану қала әкімдігінің жоспарына енгізілді.
«Біз 16 жобаны таңдадық. Бұл – Ресей, Австрия, Польша, Франция елдерінің жобалары. Толық ақпаратты кейін бере аламыз. Қазіргі таңда тиісті инвесторлармен жұмыс жүргізудеміз. Медиажоспар әзірленіп қойды. Осы жоспарға сәйкес аталмыш жобалардың Астанада қолдану мерзімін анықтаймыз» деді Бақтыбек Жапаев.
Келесі жылы елордада қос көпір пайдалануға берілмек. Қалалық Автомобиль жол­дары басқармасының бас­шысы Асхат Қарағойшиннің сө­зінше, бұл көпірлер №27 көшедегі жолдың құрамына кіріп, Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы өтеді. Мердігер анықталып, жұмыстардың
50 пайызы атқарылды.

Астанада білім, денсаулық сақтау және мәдени нысандар 100 пайыз жылу беру маусымына дайын. 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО дайындығы – 90 пайыз. Жылу желілерінің әзірлігі 92 пайызды құрайды. Электр желілерінің 80 пайызы қыс қамына әзір. Тұрғын үй секторына келсек, оның дайындығы 97,3 пайызға жетті. Бұрнағы күні қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Астана қаласы энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев осылай деп мәлімдеді.

Жолдардың кеңейтілуіне келсек, Асан қайғы көшесіндегі жолды кеңейту жоспарға кірді. Бірақ сол маңайдағы жеке үйлерді, өзге де ғимараттарды сүру керек. «Бұл оңай жұмыс емес. Оған 2-3 жыл керек» дейді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов көшесін кеңейту қаралуда. Ол үшін тиісті жоба әзірленуі тиіс. Онда да А.Бараев кө­шесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралықтағы ғимараттарды сүру керек. «Жобаның әзірленуі жарты жыл-бір жылды қамтиды. Бұған сүру жұмыстарын қосыңыздар. Биыл Ш.Уәлиханов көшесінің бо­йында екі бұрылыс салмақпыз. «Шапағат» базары маңында бір бұрылыс салынды. Енді Абай-Кенесары көшелерінің маңындағысын жақында аяқтаймыз» деді Автомобиль жолдары басқармасының
басшысы.
Өндіріс тұрғын алабындағы Жаңажол көшесіндегі жол қазір екі жолақты. Келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл жолды төрт
жолақты етіп кеңейту жұмыс­тары басталмақ.
Биыл Тәуелсіздік даң­ғы­лынан бастап Ш.Қалдаяқов көшесіне дейінгі учаскедегі Ұлы дала даңғылындағы жол құрылысы, келесі жылы №46 көшеден бастап №31 көшеге дейінгі учаскедегі Тәуелсіздік даңғылындағы жол құрылысы басталмақ. Бұл 10 мың автокөлікке жаңа әкімшілік орталықтан өтпей, Мәңгілік ел даңғылы арқылы қаланың оңтүстік-шығыс ауданына баруға мүмкіндік бермек.
Ағымдағы жылы ұзындығы 23,4 шақырым болатын, құрамына 87,5 шақырым инженерлік желілер кіретін 11 көшеде жолдар салынды. 2008 жылы қабылданған «Шеткері аймақтарды дамыту» тұжырымдамасына сәйкес, сол мерзімнен осы күндерге дейін 20 тұрғын алапта 101 шақырым жол мен 275,25 шақырым коммуникациялық желілер пайдалануға берілді. Күйгенжар, Қазақауыл, Пригородный, Казгородок, Қараөткел, Заречный және Промышленный тұрғын алаптарында бұл жұмыстар толығымен аяқталды. Жалпы, 2020 жылға дейін шеткері аймақтарда 232,38 шақырым жол мен 900,9 шақырым инженерлік желілерді салу жоспарланып отыр.

Аманғали Қалжанов

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + 7 =