Көпір асты көз тартады

0 39

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпір астында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады. Онда стритбол, коньки, үстел теннисі және жаттығу алаңдары болады.

Сонымен қатар «Арқар» көпірінің астындағы аумақта демалыс алаңы кеңейтіліп, олар жаңа граффитимен толықтырылды. Спорттың белсенді түріне арналған алаң Геннадий Головкин бейнеленген муралмен безендіріледі. Ол көше фитнесі жабдықтарымен, workout алаңымен, гантельдермен, штангалармен және т.б. жабдықталады. Жақын жерде балаларға арналған алаң болады. Бұл өнер туындыларын еліміздің әр қаласынан келген қылқалам шеберлері салды. Сондай-ақ «Арқар» көпірінің астындағы кеңістік Триатлон және Президент саябақтарын біріктірді.
Бүгінде елорда әкімдігі шаһар тұрғындарының демалысы үшін жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп, бұрын бос жатқан жерлер аулалық алаңдармен, шағын саябақтармен және желекжолдармен көркейтілді. Мәселен, бұған дейін Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, 17/6 мекенжайындағы бос жатқан аймақ абаттандырылып, футбол алаңы салынды. Автотұрақ мәселесі де оң шешілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × three =