«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Барлық мәселелерді бірлесіп шешейік

0 144
Сансызбай ЕСІЛОВ, Астана қаласы қоғамдық кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Үкіметтің жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бірінші кезекте көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін шешу керектігіне 100 пайыз келісіп, мұны қолдаймыз. Бұл адамдардың материалдық жағдайы онсыз да төмен, оның үстіне олар 50-100 мың теңгеге үй жалдап тұруға мәжбүр. Ондай адамдар қалада өте көп. Баспанамен қамту ісіңде көпбалалы отбасыларға жетім балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға сияқты басымдық берілуі тиіс. Оларды жеке санатқа бөліп алып, жеңілдікпен берілетін пәтер кезегіне қою керек. Оның себебі қазір қалада 46 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамында боламыз ба, болмаймыз ба, бірақ қаладағы көпбалалы отбасылардың барлық мәселелерін бірлесіп шешу үшін көпбалалы аналар қоғамы немесе ассоциациясы құрылса екен деймін. Маған осы дұрыс сияқты көрінеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды