Көпбалалы аналарға арналған тренинг

0 34

Жаңа кәсіп иесі атанып, оны қалай дамытуға болады? Бизнес жоспарды жасау жолдары қандай? Осы және өзге сұрақтарға қатысты мотивациялық тренингті Жас кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, «Кәсіпкер ана» жобасының авторы Айнұр Әмірхан жүргізді.Қазіргі таңда елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға, білім алуға көптеген мүмкіндіктер жасалған. «Тренингте біз әйелдерге табиғи қабілеттерді кәсіби деңгейге қалай көтеру қажеттігін айтамыз. Өкінішке қарай, біздің орталыққа келетін әйелдер өздерінің мықты жақтарымен бөліскісі келмейді, ал кейбірі тіпті өзінің қабілеттері жайлы ойланбаған. Табысты адамдар бизнесті өзінің таланты мен қабілеттері арқылы жасайды. Олар бойындағы кәсіби қабілетті қалай танып, дамытуға болатындығын біледі. Олар өздеріне лайықты рөлдерді тауып, өздерінің дарынын өмірде қалай қолдану керектігін ойластырады» дейді Айнұр Әмірхан. «Кәсіпкер ана» білім беру жобасының мақсаты – қаржылық қиын жағдайдағы әйелдерге қолдау көрсету. Олардың қатарына көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және қиын әлеуметтік жағдайда тұратын аналар жатады. «Кәсіпкер ана» жобасында оқыту бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең қабілеттер мен әлеуетті анықтау үшін коучинг сессияларын қамтиды. Екінші кезеңде ұзақ мерзімді оқыту мамандық бойынша практикалық интенсив түрінде өткізіледі. Үшінші кезең жеке бизнесті бастауға көмек көрсетіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 1 =