Көпбалалы аналар алаңдайды

0 51

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы аналар және әлеуметтік қызметкерлер қазақстандықтарды вакцинациядан өтуге шақырады.Көпбалалы аналар коронавируспен қазір балалар жиі ауыра бастағанын, індеттің үлкенге де, кішіге де қауіпті екенін айтады. Пандемиядан тек вакцинация арқылы қорғануға болатынын көпшіліктің есіне салады.
Аналардың үндеуіне «Strong mothers» қорының әлеуметтік қызметкерлері де қосылды. Бұл ұйым көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен жұмыс істейді. Қиын күндері әкімдіктің қолдауымен жалғызбасты аналарға және халықтың өзге де осал топтарына жан-жақты көмек көрсетеді.
«Біздің қор көпбалалы, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдаумен айналысады. Елорда әкімдігіне көмек көрсеткені және жалпы әлеуметтік осал отбасыларды қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Бүгінде елімізге ғана емес, бүкіл әлемге пандемия қиындық тудырып тұрғанда, біз де шетте қалмай, вакцинациядан өту туралы шешім қабылдадық. Өзіміз үлгі көрсетіп, жақындарымызды қорғағымыз келеді. Ел тұрғындарын вакцина алуға шақырамыз. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырмайынша, бұл ауруды жеңе алмаймыз» дейді 4 баланың анасы, қор құрылтайшысы Ұлжан Мырзагелдиева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + 7 =