Көп нәтиже күтеді

0 66

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.Президентіміз пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған 5 негізгі бастамасын ұсынды.
Оның ішінде айта кетерлігі, ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мыңға дейін көтеру, тұрғындарды баспанамен қамтуға жағдай жасау, соңғы 10 жылда кәсіпорын иелерінің табысынан 60 пайызға артта қалып келген еңбекақы қорын көтеру қажеттігін айтты. Бұл мақсатқа бизнесті ынталандыру арқылы қол жеткізуге болады.
Жалпы алғанда, бұл Жолдаудан халық үлкен нәтиже күтетіні белгілі. Елімізде орын алған түрлі жағдайлар, сырт мемлекеттерді болып жатқан күрделі ахуал, әлбетте, көптеген дүниелерді қайта қарастыруды қажет етеді. Соның бірі Қорғаныс саласы екендігін Мемлекет басшысы дөп басып айтты деп ойлаймын.

Әлия ӘБСЕМЕТОВА,
Парламент Мәжілісінің депутаты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =