КӨП КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

0 126

амбулаторлық емхана

Елордада денсаулық сақтау жүйесі кешенді түрде дамып келеді. Бүгінгі таңда бір мезгілде үш медициналық нысан құрылысының қатар жүргізілуі – осыған толық дәлел.

Атап айтқанда, қазір бас шаһардағы №19 көшенің оңтүстігінде бес жүз келушіге арналған амбулаторлық емхана салынып жатыр.

Сонымен қатар, әрқайсысы 150 келушіге арналған бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін екі орталықтың құрылысы да биыл аяқталмақ. Олардың бірі

Ильинка тұрғын алабында, екіншісі Досмұхамедов көшесінде ашылады. Қазіргі уақытта ішкі өңдеу және абаттандыру жұмыстары қолға алынды.

Жұма ҚАЗИЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 6 =