КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

0 217

Podarki-detyam

Астанада балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бала» акциясы өтті.

«ҚазТрансГаз» АҚ және қалалық Білім басқармасының қолдауымен өткен шараға «Дар» және «KZ» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. Акция аясында балаларға жалпы сомасы 2 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Онда «Дар» қоғамдық қоры тұрмысы төмен және көп балалы отбасыдан шыққан 30 балаға, ал «KZ» қоры аз қамтылған отбасыдан шыққан 100 балаға әлеуметтік көмек көрсетті. Балаларға қызықты кітаптар мен ойыншықтар, спорттық керек-жарақтар сыйға тартылды.
«ҚазТрансГаз» АҚ Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Тимур Имашев балаларды мерекемен құттықтап, тілек білдірді. «Балаларды қуантып, бақытқа бөлеу – біздің қайырымдылық қызметіміздің басты мақсаты. «ҚазТрансГаз» компаниясының көрсеткен көмегі балалардың көңілінен шығады деген ойдамыз» деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − four =