КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ, ҚАЛТАҒА ТИІМДІ

0 127

Күн райының қолайсыздығына қарамастан, дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өз ретімен өтті. «Қазақстан» спорт кешені мен «Алай» сауда-логистикалық орталығы алдындағы алаңға Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облысының тауар өндірушілері 205 тоннадан астам өнім жеткізді.

18700266_2000953723524884_4104846473555161907_n-kopirovat

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары тауарлар базардағы бағадан 15-20 пайызға төмен дейді. Өмірде барлығы салыстырмалы түрде бағаланады ғой. Жәрмеңкеге ағылған жұрт бұл жолы да қымбатшылықты сезінді. Бір пікірге құлақ асып көрейік.
– Өңірден келетін ауылшаруашылық өнімдерін асыға күтеміз. Бір жағынан қалтадағы ақшаңды үнемдейсің, екінші жағынан еш қоспасыз табиғи жеміс-жидек пен көкөністі сатып аласың. Атыраудың балығын іздеп келгендер көп, сазанның бір келісі – 450 теңге, жайын – 600, тікенді балық (кефаль) – 1100 және шортан балық 500 теңгеге сатылды. Бағасы да жақсы, өзі де дәмді. Бірақ кей-кейде тауарлар астаналық базардан қымбаттырақ. Мәселен, қайта өңделген балық өнімдерін алып жатқан адам көрмедік, – деді астаналық жас жұбайлар.

Бұл жолы жәрмеңкеде 10 жұмыртқа 200 теңгеге сатылды. Ал нарықта жұмыртқаның 10 данасы 280-300 теңгеге дейін барады. Оңтүстік жеміс-жидек, көкөніс, кептірілген жеміс, жаңғақты көптеп алып келді. Бағалары да көңілге қонымды, қалтаға тиімді.Оқырманның есіне сала кете­йік, Астанада 13 мамырдан 1 қазанға дейін ауылшаруашылық жәрмеңкелер апта сайын өткізіліп тұрады. Әр сенбі және жексенбі күндері аймақтағы сатушылар «Қазақстан» спорт кешені мен «Алай» сауда-логистикалық орталығында өз тауарларын қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынады. Келесі жәрмеңкеден қапы қалмаңыздар!

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + fourteen =