Көңілдің пернесін тап басқан…

0 78

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясында классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің «Ұмытылмас әндер» атты маусымашар онлайн концерті өтті.

Өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңында қазақ руханиятына талантты буын келіп, олар өнердің қай саласына болмасын бірден сіңісіп, көктемнің «алтын күрек» желіндей жаңаша леп әкелді. Соның ішінде музыка әлемі де жаңа мазмұнға көтерілді. Соғыстың сызды батпағын кешкен Нұрғиса Тілендиев, Әбілахат Еспаевтан бастап, Еркеғали Рахмадиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, осы даралардың ізін ала шыққан, биыл дүниеден озған ­­Кеңес Дүйсекеев секілді көрнекті композиторлар саз өнеріне өзгеше соқпақ салды. Олардың көңілдің пернесін тап басқан әндерін бүкіл ел шырқады. Қазір де ол туындылар ұмытылған емес, қайта жыл өткен сайын қадірі артып барады. Кешке «Ұмытылмас әндер» деп атау беріп отырғаны да содан болар.
Концерт барысында есімдері аталған тұлғалардың әсем әуезді әндерін филармония әншілері жанды дауыста шырқап, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =