«Көңілді стартта» жаттықты

0 23

Кәсіптік-техникалық колледж студенттері үшін №3 қалалық емхананың «Жас толқын» жастар денсаулығы орталығы спорт жұлдыздарымен бірге жаттығу өткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген шара аясында «Көңілді старт» жарысы да ұйымдастырылды.

ден суретттт

«№3 емхана – студенттерге арналған емдеу мекемесі, сондықтан емхана қызметкерлері қаладағы ЖОО және колледждермен тығыз байланыста осындай шараларды жиі өткізеді. Біздің басты мақсатымыз – жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау» дейді №3 емхана директоры Сәуле Нұрашева.

Танымал спортшылар арасында еркін күрестен спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Гузель Манюрова, ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері Светлана Подобедова, Азия чемпионатының жүлдегері, көркем гимнастика шебері Анна Алябьева, танымал боксшы Дәурен Елеусінов, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Қанат Әбуталипов, қазақстандық белгілі атлет Айтым Жақыпов, спорт шебері Сергей Цырульников болды.

«Көңілді старт» жарысында аталған ­Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кә­сіптік-техникалық колледжі студенттері 5 командаға бөлініп, жылдамдықты көрсететін тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда, оң немесе сол аяқпен секіру, фишкаларға қарай жүгіру, доппен секіру, теннис ракеткасымен жүгіру, үлкен допты беру сынды жарыс ұйымдастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + five =