©2020 Астана Ақшамы
КӨҢІЛДІ КӨТЕРГЕН ЖАРЫСТАР
Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының қолдауымен Сарыарқа және Алматы аудандарының әкімдіктері көпшіліктің көңілін көтерген жарыстар ұйымдастырды.
Атап айтқанда, Алматы ауданы тұрғындары арасында «Көңілді старт» және бұқаралық коньки тебу жарыстары өтті. «Ақбұлақ» мұз айдынында сайысқа түскендер арасында «Қалай, мақалай» командасы бірінші, «Нұр» командасы екінші, «Арлан» командасы үшінші орынды иеленді.
Сарыарқа ауданы әкімдігі ұйымдастырған шаңғы жарысына 150 адам қатысты. Төрт қашықтық бойынша өткен жарыста Е.Ысқақов, С.Бараник, А.Щекотихин, Н.Ветринко жеңімпаздар атанды.
Қала тұрғындары үшін сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұқаралық жарыстарда жүлдегер атанған барлық қатысушыларға осы шараларды ұйымдастырған «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру, дене шынықтыру клубы» МКҚК тағайындаған дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Ербол ЖАНАТ