«Көңілде алаң басылса…»

0 59

Осыдан бір ай бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен елорда әкімдігі бірлесіп, «Көңілде алаң басылса…» атты ақындар мүшәйрасын жариялаған еді.

Өткен сенбі күні сол жыр додасының жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Жас қаламгерлердің шығармаларын бағалаған қазылар құрамында филиал директоры Дәулеткерей Кәпұлы мен белгілі ақындар Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы болды.
Елуге тарта ақын сынға түскен жыр сайысында бас жүлдені Біржан Ахмер еншіледі. Бірінші орынды Айзада Рахымжанова жеңіп алса, екінші орын Ерлан Аманқожаға бұйырды. Ал үшінші дәрежелі дипломға Айдана Сегізбаева, Әли Бекмұханбет, ынталандыру сыйлығына Алпамыс Файзолла, Ауғанбай Санақұлы, Ерасыл Сәдуақас лайық деп табылды. Жарқырай көрінген жүлделі өлеңдерді елордалық театр актерлері оқып, көрермен назарына ұсынады. Сондай-ақ басқосуда бас қаладағы ақын-жазушыларға Қазақстандағы Әзербайжан елшісінің алғыс хаты мен республикалық «Samuryq» әдеби-мәдени журналы табыс етілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 4 =