«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көңіл сергітер серуен

0 38

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында астанада тұратын белгілі суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің «Көктемгі серуен» атты көрмесі ашылды.  

IMG_2458

Наурыз мерекесіне орай ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде ұйымдастырылған көрмеге отыз бес суретшінің жүзге жуық туындылары қойылды. Олардың қатарында бейнелеу өнерінің белгілі өкілдері ­К.Муллашев, С.Маханбет, ­В.Пирожков, ­М.Тұқсаитов, ­А.Баяндин, ­Е.Айтуаров, ­М.Байтенов, ­Т.Батанов, Р.Ахметжанова және тағы басқалар бар.

Сондай-ақ көрмеден Г.Жұрқабаева, А.Әубәкірова, ­А.Минайдарова, А.Әли сияқты жас таланттардың шығармаларын да тамашалауға болады. Астаналық қылқалам шеберлері  өз туындыларында ұлттық мәдениет пен бай салт-дәстүрдің табиғатын әртүрлі жанр мен мәнерде барынша ашып көрсете білген.

Сырттағы боран мен дауылға қарамастан көрмеге келген көпшіліктің көктемгі көңіл-күйге бөленіп, жақсы әсер алып қайтқандары анық.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды