КӨНЕНІҢ КӨКЕЙІНЕн ЖЕТКЕН ӘН

0 113

_nik9694-asli

«Астана» концерт залында қаланың мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамблі (көркемдік жетекшісі Ержан Тоқсабанов) «Көненің көкейінде» атты жаңа концерттік бағдарламасын көрермендерге ұсынды.

Концертке халық әні бөлімінің әртістері – халықаралық және рес­публикалық байқаулардың лауреаттары Жалғас Сұлтан, Әйгерім Нар­туеева, Аян Омаров, Жақсыкелді Маясаров, ҚР ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдірасул Есекеев жетекшілік ететін «Шалқыма» халық би ансамблі қатысты.
Кеште «Желкілдек», «Қарқара» сынды халық әндерімен қатар Иса Байзақовтың «Желдірме» әні қалқыды, «Жалқы жігіт», «Желдіртпе Ақжелең» сынды халық композициялары шалқыды, Қазанғаптың «Қиқу-қиқу, қайт-қайт», Сүгірдің «Қобыз сарыны», Байжігіттің «Көк серке», Есбайдың «Терісқақпай» күйлері күмбір­леді. Мұнымен қатар «Көне қала – Бытығай», Айтқали Жайымовтың «Желдірме» шығармаларымен қоса жалпы жиырма туынды орындалды.
Бір сөзбен айтқанда, концертте өнер көрсеткендер ұлы дала үнін бүгінгі күннің музыкасымен үндестіре білді. Қазақ халқының аспапты музыкасы әрқашан ха­лықтың тарихымен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен тығыз байланыста келе жатқанын тағы бір паш еткен кеш көрермендерінің құлақ құрышы қанып, жансарайы ашылды.

Аманғали  ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 1 =