КӨНЕ ДҮНИЕНІҢ КӨРМЕСІ

0 149

0

Кеше ҚР Тұңғыш Президент мұражайында «Ұлт жау­һар­лары» атты көне зергерлік бұйымдар көрмесі ашылды.

«Әдемі-Ай» өнер мұражайының жинақтарына енетін аталмыш көрме Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, көпшілікке жария ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коллекция иесі, «Әдемі-Ай Plus» компаниясының президенті Бахаргүл Төлегенмен кездесіп, оның қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мен зерттеу қызметіне жоғары баға берген болатын.

2011 жылы белгілі өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің бастамасымен ашылған өнер мұражайында бүгінде 1000-нан астам жәдігер бар. Көрмеге сол экспозициялардан біздің заманымыздан бұрын ІІІ-І ғасырларға жататын Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен VІ-ХІІ ғ. жататын тарихи құнды дүниелер қойылған. Сонымен бірге, «Әдемі-Ай» компаниясының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен қазақтың ұлттық кәдесыйларын тамашалауға зор мүмкіндік бар.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + four =